«Өзгерістерді басқару» тренингі

02.02.2015

2014 жылы 11-12 қарашада Талғар қаласына жақын орналасқан табиғаты әсем тау шатқалында орналасқан «Ақ-Бұлақ» санаторийінің аумағында екі күндік «Өзгерістерді басқару» тренингі өткізілді.

Тренингке Компанияның барлық департаменттерінің басшылары қатысты. Украинадан келген тренингті жүргізуші Алексей Капуста (Адизес басқару жүйесі бойынша сертификатталған жаттықтырушы) қатысушыларды ұйымдық өзгерістердің қағидаттарымен, әдістерімен және кейбір құралдарымен таныстырды.

Басшылар жалпы Компанияда, және өз бөлімшелерінде диагностиканы өз беттерімен жүргізді. P.A.E.I. қағидаты бойынша бөлінген менеджерлердің қызметтеріне ерекше көңіл бөлінді.

Тиімді жиналыстарды өткізу қағидаттарын қолдану бірауыздан қабылданды. Жарияланған өзара сенім және өзара сыйластық қағидаттарымен топтық жұмыс та назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар тренингтің қатысушылары шешімдерді іздеу мен қабылдау бойынша 8-сатылы блокқа ерекше көңіл бөлді.

Жалпы, бұл тренинг менеджерлер үшін Компаниядағы өз департаменттерінің жұмыстарына деген жаңа көзқарас пен ой салды.