«Компанияның Үздік қызметкері» 2013 конкурсы

2013 жылдың аяғында Компанияда аяқталып отырған жылдың қорытындысы шығарылды және үздік қызметкерлердің келесі номинациялары жарияланды:

  • Үздік сауда өкілі;
  • Үздік супервайзер;
  • Үздік қойма меңгерушісі.

Конкурсқа Компанияның барлық филиалдары қатысты. Үздіктерді іріктеп алу қызметкерлердің Компанияның бизнесін дамытуға қосқан нақты үлестері мен нәтижеліліктерін бағалаудың айқын критерийлерінің негізінде жүргізілді.

Комиссияның іріктеу қорытындысы бойынша 10 супервайзерлер, 5 сауда өкілдері мен 3 қойма меңгерушілері Үздіктер деп танылды және Алматыға дипломдармен марапаттау үшін шақырылды.

Сонымен қатар Павлодар, Тараз, Петропавловск, Шымкент, Қостанай және Қарағанды қалаларындағы бухгалтерлер Алматыға шақырылды және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Аталған қызметкерлер Компанияның 20 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған корпоративтік жаңа жыл кешінде салтанатты түрде мараптталды.